Руханият • 21 Қаңтар, 2020

Алматыда жазушы Сәбит Досановтың мерейтойы аталып өтті

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында танымал жазушы Сәбит Досановтың 80 жылдығына орайластырылған салтанатты кеш өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда жазушы Сәбит Досановтың мерейтойы аталып өтті

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Досановтың атына жазылған құттықтау сөздері мен ізгі тілектерін оқып берді.

Мерейтой иесін құттықтауға жазушылар, әдеби сыншылар, аудармашылар және Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Армения, Түркия мен Франция сынды жақын және алыс шетелдерден баспагерлер жиналды.

«Дарынды жазушының шығармашылығында шек жоқ. Өз кезінде қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқанов Сәбит ағаны қазақ әдебиетіндегі жаңа жарық жұлдыз деп атаған еді. Бүгін оның өзі шығармалары әлемнің көптеген тіліне аударылған нағыз классикке айналып отыр», - деді құттықтау сөзінде Алматы әкімі Б. Сағынтаев.