Спорт • 21 Қаңтар, 2020

Теннис: Қыздар қуантты, жігіттер ұтылды

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жүлде қоры 43 031 250 АҚШ долларын құрайтын тенннисшілер арасындағы «Үлкен дуылға» санатындағы жарыстардың бірі – Аустралияның ашық біріншілігінің алғашқы кезеңі артта қалды.

Теннис: Қыздар қуантты, жігіттер ұтылды

Мельбурндегі турнирде Қазақстанның бес ойыншысы өнер көрсетуде. Алғашқы айналымда қыздарымыз қуантты. Жарыс жолына шыққан үш аруымыздың барлығы да жеңіске жетті.

Атап айтсақ, Елена Рыбакина (әлемнің 26 ракеткасы) америкалық Бернада Пераны (65 ракетка) еш қиналмай ұтты. Есеп – 6:3, 6:2.

Зарина Диастың (73 ракетка) да жолы АҚШ теннисшісімен қиысты. Үш сеттік сайыста жерлесіміз Аманда Анисимовадан (24 ракетка) айласын асырды – 6:3, 4:6, 6:3.

Юлия Путинцева (38 ракетка) тайпейлік Се Шувэйге (37 ракетка) шаң қаптырып кетті – 6:1, 6:3.

Өкінішке қарай, жігіттеріміз сенім үдесіне шыға алмады. Михаил Кукушкин (68 ракетка) Аустралияның өкілі Марк Полмансқа (133 ракетка) есе жіберсе, Александр Бублик (56 ракетка) корт қожайыны Джордан Томпсонның (66 ракетка) осал тұсын таба алмады.       

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20