Аймақтар • 21 Қаңтар, 2020

Қызылордалық полицейлер іздеуде жүрген күдіктіні ұстады

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтыр тамыз айының соңында белгісіз біреулер Қызылорда қаласындағы бір кәсіпкердің үйіне ұрлыққа түсіп, зергерлік бұйымдары мен 300 млн теңгеге жуық ақшаны алып кеткен еді. Үй иесі осы қарақшылар салған ауыр дене жарақатынан көз жұмған болатын.

Қызылордалық полицейлер іздеуде жүрген күдіктіні ұстады

Осы қылмысқа қатысы бар 5 адам көп ұзамай ұсталып, топ құрамында болғандардың тағы біріне іздеу жарияланған. Осы жылдың 17 қаңтарында полицейлер  соңы адам өлтіру қылмысымен ұштасқан қарақшылық жасап, бой тасалап жүрген 24 жастағы күдіктіні ұстады. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қазір ол қамауға алынып, оған қатысты Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің 192-бабының 4-бөлігімен және 99-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс тергелуде.

 

Қызылорда