Абай • 24 Қаңтар, 2020

18 мың Абай бар

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әділет министрлігінің АХАТ бас­қармасының мә­лі­метінше, 18 232 қазақ­стандықтың есімі ақын, ағартушы және философ, жаңа қазақ әдебиетінің не­гізін қалаушы Абай Құнан­бай­ұлының құрметіне қо­йылған. Бұл туралы аталған ведом­ствоның баспасөз қыз­меті хабарлады.

18 мың Абай бар

Ал ұлы ақынның отаны – Шығыс Қазақстан облысында Абай атты 378 азамат тұрады.

Бүгінде ең үлкен Абай 92 жас­та болса, ең кішісі небәрі 2 күн бұрын туған. Кішкентай Абай 2020 жылғы 20 қаңтарда Сары­ағаш қаласында дүниеге келді.

Соңғы 10 жыл ішінде (2009-2020 жж.) ата-аналар балаларына Абай есі­мін 2470 рет таңдаған. Абай­лардың көп­шілігі Түркістан об­лысында (415), Алматы (321) жә­не Нұр-Сұлтан (273) қалаларында тұрады.