Үкімет • 24 Қаңтар, 2020

Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы өтті

971 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы үкіметтік делегацияларының отырысы өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы өтті

Комиссия Қазақстан Республикасының Қызылорда және Түркістан облыстарымен шектес Өзбекстан Республикасының Джизак және Навои облыстары шегіндегі учаскеге мемлекеттік шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындады.

Делегация Қазақстан-Өзбек мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарын дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын дайындады.

Тараптар осы отырыстың шеңберінде Қазақстан-Өзбек мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерін бірлесіп далалық тексеруді жүзеге асырды.

Келіссөздер дәстүрлі достық және сындарлы атмосферада өтті.