Тағайындау • 25 Қаңтар, 2020

Оралдағы Зияткерлік мектепке жаңа басшы тағайындалды

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қамқоршылық Кеңесі және Басқармасының шешімімен Оралдағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры болып Айдарбек Төлепұлы Айтпукешев тағайындалды.

Оралдағы Зияткерлік мектепке жаңа басшы тағайындалды

Ұжымға жаңа басшыны «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымының орынбасары Светлана Испусинова таныстырды.

«Айдарбек Төлепұлы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының филология факультеті бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын орыс тілі және әдебиеті мұғалімі ретінде бастап, кейін Жәнібек ауданындағы мектептің директорының орынбасары, мектеп директоры болды. Әр жылдары Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Орал қаласындағы филиалы директоры қызметін атқарды. Соңғы алты жылда Атырау қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебін басқарды» делінген Оралдағы Зияткерлік мектептің баспасөз қызметінен түскен мәліметте.

Айдарбек Төлепұлы білім беру жүйесін жаңартуға бағытталған 10-нан астам инновациялық жобаға жетекшілік еткен, қатысқан. Білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасын жасақтау бойынша сертификатталған тренер және авторлар тобының мүшесі. Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері.

Айта кетейік, Орал шаһарындағы NIS-тің бұрынғы директоры Шолпан Қадырова Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше