Аймақтар • 25 Қаңтар, 2020

БҚО полициясы 440 отбасын тексерді

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан полициясы отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу үшін 20 қаңтар-20 ақпан аралығында «Тұрмыс» республикалық жедел профиликтикалық іс-шарасынбастады.

БҚО полициясы 440 отбасын тексерді

- Шараның мақсаты отбасында, тұрмыстық қатынаста кездесетін қылмыстарды анықтау және жолын кесу. Ол үшін «маскүнем», «нашақор», т.б. қолайсыз отбасысанатында есепте тұрған адамдарды толық тексереміз, - дейді БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Болатбек Белгібеков.

Акция жаңа басталса да, полиция екі күн ішінде 440 адамды тексеріп үлгерген.

БҚО полициясыынң хабарлауынша, өңірде 2,5 мыңнан астам адам осындай түрлі санат бойынша арнайы есепте тұрады. Мысалы, 1325 адам – маскүнемдер тізімінде тұрса, 319 адам – нашақорлар есебінде. Шырқы жиі бұзылатын 402 отбасында кәмелетке толмаған жасөспірім бар, бұл да полицияның ерекше қадағалауында болатын мәселе.

Рейдтің екі күндік нәтижесінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 153 фактісі анықталып, 43 қорғау нұсқамасы шығарылған. 104 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Полиция тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы қылмыс пен құқық бұзушылықты анықтау, қолайсыз отбасыларды тізімге алу, зардап шеккендерге тиісті көмек көрсету жұмыстарына ҮЕҰ мүшелері мен еріктілерді шақырды. Батыс Қазақстан облыстық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармамен бірлесіп Орал қаласы аумағында тұратын қолайсыз отбасыларды тексеруді ұйымдастырды. Бұл өте тиімді болып тұр, өйткені еріктілер өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды қоғамдық жұмыстарға, спорт үйірмелеріне тартып, жан-жақты көмек көрсетуде. Сондай-ақ түрлі есепте тұрған ата-аналар мамандардан әр салада ақыл-кеңес алып жатыр.

 

Батыс Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше