Осындай шара облыс орталығындағы Абай даңғылы №51 үйдің ауласында өтті. Онда қалалық полиция басқармасының басшылары түрлі қылмыс мен құқық бұзушылықтардың, оның ішінде ұрлықтың алдын алу, тосқауыл қою мақсатындағы«Көршілер бақылауы» бағдарламасын енгізудің тәртібі мен тиімділігін түсіндірді.
Олар көпқабатты үй тұрғындары өз аулаларына сырттан келген сезікті жандар, өздері куә болған күмән туғызатын жағдайлар жайлы полицияға жедел хабарласа, дереу шаралар қабылданып, ұрлық та, түрлі қылмыс та азаятынын айтты.
Түсіндіру жұмыстары алда да жалғасады.