Қазақстан • 26 Қаңтар, 2020

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 26 қаңтарға арналған ауа райы болжамын хабарлады.

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің хабарлауынша, бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жауын-шашын жауады, көбінесе қар түрінде, оңтүстік және шығыстың кей жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.

Мәліметке сәйкес, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасын, кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, 23-28 м/с жылдамдықпен соғады.

Алматы, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан, Атырау облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20, кей жерлерде 25 м/с күтіледі.

Жамбыл, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с күтіледі, Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 25 м/с күшейеді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше