Саясат • 27 Қаңтар, 2020

Мемлекет басшысы БАӘ-ге сапарының негізгі мақсатын атады

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесу барысында БАӘ-ге сапарының басты мақсатын атады.

Мемлекет басшысы БАӘ-ге сапарының негізгі мақсатын атады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ тақ мұрагеріне қонақжайлығы үшін алғысын білдіріп, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ыстық лебізін жеткізді.

«Бұл менің Президент ретінде араб әлеміне тұңғыш сапарым. Бұл сапар Қазақстан Сіздің Еліңізге үлкен мән беріп отырғанын аңғартады. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Сізге Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ыстық лебізін жеткізгім келеді. Шын мәнінде, екі елдің арасындағы қарым-қатынастың арқасында көптеген жетістікке қол жеткіздік. Осы мәселе бойынша сіз жаңа ғана өте жақсы айттыңыз. Толық келісемін. Арамызда шынайы достық, өзара түсіністік, сенім бар. Сондықтан қарым-қатынасымыздың келешегі зор», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан соң, Мемлекет басшысы БАӘ сапарының негізгі мақсатын атады.

«Менің сапарымның негізгі мақсаты - екі елдің арасындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін беру. Уақыт бір жерде тоқтап қалмайды. Қосымша серпін беріп, іс-әрекет жасау керек. Бір жерде тұрып қалуға болмайды, алға жылжуымыз керек. Мен осы сапарға ерекше мән бере отырып, үлкен үмітпен қараймын. Келесі жылы Әмірліктердің құрылғанына 50 жыл болады. Ал біз келесі жылы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтеміз. Бұл Қазақстан үшін аса маңызды тарихи меже», - деді Қазақстан Президенті.