Келесі кезекте салтанатты шараға арнайы қатысқан Чехия республикасы Парламентінің депутаты Станислав Беркувич өзінің жүрекжарды лебіз білдірді. Депутат мырза ұлы ойшыл Абай есімі тек қазақ халқына ғана емес, Еуропа төрінде де танымал тұлға екенін атап өтті.
«Чехия азаматтары Қазақстанға бара алмаған жағдайда бұл орталық қазақ халқын жақын тануға үлкен жол ашып отыр. Біз Абай мұраларын осы орталық арқылы жақын тани түсетін болдық. Сән-салтанатқа толы залдан үлкен әсер алып тұрмын» деді чехиялық депутат А.Беркувич.
Айта кетейік, Чехияда «Абай» мәдени-ақпараттық орталығы ашылғанын хабарлаған болатынбыз.