Жедел жолға шыққан полицейлер таң қылаң бере Қуан ауылынан оңтүстікке қарай шамамен 250 шақырым жерден жолаушыларды тапты. Күннің күрт бұзылуынан жолдан жаңылысып, басқа бағытқа кетіп қалған жолаушылар үйлеріне жеткізілді.
Облыс аумағында әлі де күн райы құбылып тұр. Осыған байланысты тәртіп сақшылары қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолда мұқият болуды ескертеді.