Жайық жұртына береке-бірлік пен толайым табыс әкелуде
Биылғы жаз республиканың қай түкпірінде де ми қайнатар ыстығымен емес, жанға жайлы лебімен, анда санда сіркіреп төгіп өтетін ақ жаңбырымен ерекшеленіп тұр. Жыл сайын қайталанып келетін қасиетті Рамазан айы биыл жаздың бел ортасына, бейнелеп айтқанда, қырық күн шілдеге тұспа-тұс келді. Ораза ұстаған ағайындарды мұндай кезде ең алдымен шөл қысатыны анық. Дегенмен, қоңыр салқын ауа, еркелей соққан самал жел, тынысыңды тереңнен аша түсуге септігін тигізетін рахман нұры оларды мұндай күйге түсіре қойған жоқ. Алланың сөзі де рас, өзі де рас деп Абай атамыз айтқандай, жер-дүниені жаратушы тәңір осы бір шақтарда ислам дінін қадір тұтып, ораза ұстағандарға осылайша шапағатын тигізіп жатқандай көрінеді.

Шілденің соңғы күндерінде даласы мидай жап-жазық Орал өңірінде де адамдардың тыныс алуына қолайлы кезең қалыптасқанына куә болдық. Біздің салқын жаз деп жүргеніміз қандай жаз? Әрине маусым мен шілде және тамыз айларында сынап бағанасы қалай дегенде де 20-дан түсе қоймайды. Синоптик мамандардың мәлімдеуінше 20-25, әрі кеткенде 28 градусқа дейінгі ыстықты көрсететін жаз негізінен салқын жаз деп аталатын ұғым-түсінікке жақындайды екен. Мұндай температура біріншіден дәнді дақылдардың жақсы өсуіне, күйіп кетпеуіне оң әсерін тигізетін көрінеді.
Ақжайық өңірінде бұрын аптап болыпты да. Алдыңғы жылдарда көктемде салған егістіктері күйіп кетіп еңселері түсіп қалған астық өсірушілердің биыл жүздері жарқын көрінді. Айталық, өзіміз куә болған облыстың астықты ауданы Зеленовта әр гектардан алынып жатқан өнім аса көп те емес, аз да емес, әйтеуір астық өсірушілердің ойынан шығып отырғанын байқадық. Иә, өңірде егістікке жаңбыр тимеген алқаптар да жетерлік. Сондықтан алынып жатқан өнім де ала-құла. Дегенмен, жоғарыда айтылғандай, алдыңғы жылдармен салыстыра қарағанда шүкір деуге болады. Осыдан біраз уақыт бұрын еліміздің шалғайдағы ауылдарын қажетсіз деуге де келмейтін, қажетті деуге де болмайтын бір науқанның шарпуы буып өткені рас. Республика Үкіметі бастамашы болған бұл шара бүгінде қандай нәтижеге жеткізгені әзірге беймәлім. Алайда, шығармашылық сапар барысында болашағы жоқ деген ауылдардың санатына кірген елді мекендердің шынтуайтына келгенде болашағы бар екеніне көз жеткізгендей болдық.
Соның бірі Сырым ауданына қарасты Былқылдақ деп аталатын шұрайлы да шырайлы жер. Бұл өңір кеңестік кезеңде аталған аудандағы «Жосалы» кеңшарының бір бөлімшесі болып келіпті. Алайда, кейіннен түгін тартса майы шығатын осы құйқалы өңір болашағы жоқ ауылдар тізіміне енгізіліпті. Сол-ақ екен мұндағы тірліктің берекесі қашып, тұрғындар жан-жаққа көше бастапты. Сөйтіп, әлеуметтік-тұрмыстық нысандар бірінен соң бірі жабылған. Былқылдақ – Сырым елі аумағындағы бірден-бір мол бұлақ көздері бар мекен екен.
Атам қазақ жер-су атауларына ат қоюға келген кезде қандай тапқыр, шебер еді десеңізші. Былқылдақ десе былқылдақ. Көліктің бұрынғы Жосалы кеңшары орталығынан аса бере құмдауыт жерге ене бастады. Әрі-беріден соң көліктің өзі де, дөңгелегі де жұмсарып былқ-былқ күйге түсті. Бейне бір жерде де, көкте де емес осы екеуінің ортасында рахат күй кешкендей боласыз. Жаздың соңғы айы басталып кеткеніне қарамастан мұндағы дала өсімдіктері мен шөптері өңін бере қоймапты. Көктемдегі жасыл түсін жоғалтпаған. Қадыр ақын жазғандай, «жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем» деген осы да. Біз Былқылдаққа жеткенде көшіп кеткен ауылдың жұртын көрген жоқпыз. Жері жомарт, шөбі шүй