Парламент • 29 Қаңтар, 2020

Ақтөбе қаласының әуежайын «Ашық аспан» режіміне енгізуді ұсынды

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Дания Еспаева Ақтөбе қаласының әуежайын «Ашық аспан» режіміне енгізу туралы ұсыныс айтты.

Ақтөбе қаласының әуежайын «Ашық аспан» режіміне енгізуді ұсынды

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2019 жылғы қарашадан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей әуежайларында «Ашық аспан» режімі енгізілді. Бүгін Парламент отырысында Дания Еспаева  ендігіде бұл тізімге Ақтөбе қаласының әуежайын да қосу жайында ұсыныс айтты.

- «Ашық аспан» режімі - шетелдік әуе компанияларына облыстардағы ірі қалаларға рейс жасауға мүмкіндік береді. Ақтөбе қаласының халықаралық әуежайы еліміздің батыс жақтауының қақпасы және ірі өнеркәсіптік орталық болғандықтан бұл шешімнің маңызы зор, - деді Дания Еспаева.

Оның айтуынша, бұл Қазақстанның транзиттік әлеуетін күшейтіп, ішкі әуежайлар арқылы тасымалды арттыруға зор үлесін тигізеді.

- Қазақстанда бұл режімнің енгізілуі жаңа шетелдік тасымалдаушыларды тартуға, жаңа халықаралық бағыттардың ашылуына, сондай-ақ туризмнің дамуы мен Ақтөбе қаласының халықаралық қаржы орталығының көлікке қол жетімділігінің артуына ықпал етеді, -  деді депутат.