Қазақстан • 29 Қаңтар, 2020

Еліміздің Қарулы Күштері Әскери-тарихи музейі іздестіру-мұрағаттық жұмыстарын жүргізіп жатыр

288 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарулы Күштері Әскери-тарихи музейінің іздестіру-экспедициялық бөлімі Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған және із-түссіз жоғалып кеткен қазақстандық сарбаздарға іздестіру-мұрағаттық жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы Қорғаныс министрілігінің баспасөз қызметінде хабарлады.  

Еліміздің Қарулы Күштері Әскери-тарихи музейі іздестіру-мұрағаттық жұмыстарын жүргізіп жатыр

2020 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл толады. Ұзақ жылдар бойы көптеген қазақстандық отбасылар үшін ата-бабаларының қабірінің нақты орналасуы туралы ақпарат қолжетімсіз және де әлі күнге дейін 100 мыңнан астам қазақстандық жауынгер қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кеткен деп есептеледі.

Іздеу жұмыстары үшін ТМД және алыс шетелдердегі қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен сарбаздардың деректер базасы, интернет-ресурстар және бұрын жабық болған ақпараттар, сонымен қатар, шетелдік мұрағаттар және 1941-1945 жылдардағы қызыл әскердің қайтарымсыз шығыны туралы құпиясызданған хабарламалар пайдаланылады.

Сонымен қатар облыстық Тарихи-өлкетану музейлерімен, мұрағаттармен, ғалым-зерттеушілермен, мұрағатшылармен, іздеушілермен, «Атамның Аманаты» қоғамдық бірлестігімен және жергілікті әскери басқару органдарымен бірлескен жұмыстар жүргізілуде. 2020 жылғы қаңтар айы бойынша ҚК Әскери-тарихи музейіне соғысқа қатысқандардың туыстарынан 556 өтінім келіп түсті. 48 өтінім бойынша алғашқы жерлеу орындарының орналасқан жері туралы ақпарат анықталды. Олардың 38-і Ресей Федерациясының аумағында орналасқан (Ростов облысы Матвеево-Қорған ауданы; Орлов облысы Ульянов ауданы; Карело-фин КСР, Петровский ауданы және т. б.); 4-і Мажарстан аумағында (Мике-Перч ауылы, батыс аймақ); 2-і Латвияда (Карсаев уезді); 2-і Германияда (Бранденбург, Ной-Левин ауылы, ағалық қабір); 1-і Польшада (Мазовецк елді мекені); 1-і Белоруссияда (Полесск облысы). Күнделікті 3-тен 5-ке дейін өтінім түседі.

Қырық жылдық өтілі бар тәжірибелі «Мемориалдық аймақ» іздестіру жасағының командирі Майдан Құсайыновтың айтуынша, жоғалған жауынгерлерді іздеудің түрлі әдістері бар. Мәселен, мұрағаттық-далалық жұмыстардан бастап интернет-іздестіруге дейін. Қазір әлеуметтік желілердегі түрлі топтар мен қауымдастықтар қаза тапқан жауынгерлерді іздеу мәселесін шешудегі қуатты ресурс болып отыр.