Аймақтар • 30 Қаңтар, 2020

Шекаралық аймақта қауіп бар ма?

754 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жетісу өлкесі індет тарап жатқан Қытай елімен іргелес жатыр. Облыс аумағында көрші мемлекетпен шекарада орналасқан 6 кеден бекеті бар.

Шекаралық аймақта қауіп бар ма?

Облыс әкімінің баспасөз қыз­меті таратқан дерекке сәй­кес, қазір аумақ­та­ғы бақылау ша­ралары күшей­тіл­ген. Мем­лекет­тік шекара жабық. Ал Қытай­мен сауда-саттық байланыс жасайтын «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынты­мақтастығы орталығының жұ­­мы­сы 15 ақпанға дейін тоқ­та­тылған. Бұл орталыққа қос тараптан күн сайын 3 мың­нан 5 мыңға дейін адам кіріп-шығып, сауда туризмінің қызметін пайдаланатын еді. Қауіп сейілмесе, шектеу мерзімі ұзартылады.

Сондай-ақ, көрші ел шекарасына жақын маңдағы аймақ тұрғындарын жұқпалы індеттің белгілері бойынша тексеру жұмыстары басты назарда тұр.

Соңғы күндері Алматы облысының Панфилов ауданында орналасқан «Нұр жолы» кеден бекетінен 20 жолаушы Қазақстан жағына өткен. Олар негізінен Қытайдың Құл­жа мен Гуанчжоу айма­ғы­­нан оралғандар екен. Тек­се­ру кезінде 2 азаматтың де­не қызуы жоғары екені анық­тал­ған. Арнайы құрылғы адам темпуратурасының 37,5  еке­нін көрсеткесін, екі жолау­шы да оқшауланған. Қазір екеуі де Панфилов аудандық ауру­ханасының инфекциялық бөлі­мі­не жатқызылған. Дәрі­гер­лер қажетті лабо­ра­то­рия­лық зерттеулер алған. Қан құ­ра­мының сынамасы 3 күн ішінде дайын болады екен. Ал олармен бір автобуста бол­ған 19 адам да дәрігерлердің бақы­лауы­на алын­­ған.

– Өңір тұрғындарына коронавирустан қауіп төнген жоқ. Күдік туғаны рас. Мамандар жедел тексеріп, науқастың диаг­­но­зын анықтауда. Ал шека­ра маңындағы әр бекетте оқ­шау­­лау бөлмелері ашылды. Арна­йы орын төсек, жабдық және басқа да қажет заттармен жабдықталды. Аумақтағы барлық медициналық меке­ме­ле­рі қалыпты жұмыс істеп тұр. Мамандар обаға қарсы арнайы костюм, қорғанысқа қажет ке­рек-жарақпен қамтамасыз етіл­ген, – деді бізге Алматы облысы әкі­мінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

 

Алматы облысы