Қазіргі таңда құрамында 29 әскери қызметшісі бар қазақстандық бітімгершілік полкінің төртінші бітімгершілік ротасы Үндістандағы Нью-Дели қаласында.
Бір ай бойы оларға бекеттер блогында және бақылау пункттерінде қызмет атқару, базаны күзету және жаяу тәртіпте және автомобиль техникасында патрульдеу бойынша дайындық сабақтары өткізіледі.
Оқу барысында БҰҰ-ның ұйымдастырылуы мен құрылымы, Ливан Республикасының географиялық орналасуы және миссияны орындау кезінде бітімгершілік күштерінің контингенті басшылыққа алатын негізгі нормативтік-құқықтық актілер қаралып, түсіндірілетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы мамыр айында Ливанға «Ливандағы БҰҰ уақытша күштері» бітімгершілік миссиясын орындау үшін төртінші бітімгершілік ротасы аттанады. Қазақстандық рота бітімгершілік миссиясын Үнді батальоны құрамында атқарады.