Спорт • 31 Қаңтар, 2020

Спорттық гимнастикадан әлем кубогіне қатысатын спортшылар құрамы белгілі болды

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Спорттық гимнастикадан әлем кубогіне қатысатын қазақстандық спортшылар тізімі белгілі болды. Бұл жайында Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлады.

Спорттық гимнастикадан әлем кубогіне қатысатын спортшылар құрамы белгілі болды

16-24 ақпан аралығындағы Австралияның Мельбурн қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогінің кезеңі өтеді. Аталған жарыс ел құрамасы үшін маусымның алғашқы додасы болмақ.

Байрақты додаға Қазақстан ұлттық құрама сапынан Милад Карими, Нариман Курбанов және Ильяс Азизов қатысады.

Айта кетерлігі, қазіргі таңда спорттық гимнастикадан ұлттық құрама Ресейде жарыс алды оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар