Үкімет • 31 Қаңтар, 2020

Қ. Майгелдинов: Одақ ішіндегі өзара тауар айналымы 32%-ға өсті

314 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Бүгінде еңбек етушілер Одақ ішінде еркін қозғалып, қосымша талаптар мен рұқсаттарсыз жұмыс істейді, олардың дипломдары өзара мойындалады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қ. Майгелдинов: Одақ ішіндегі өзара тауар айналымы 32%-ға өсті

Одақтың жұмыс істеуі кезінде бірлестік елдері азаматтарының өмір сүруі мен жұмысы үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша ілгері даму өзгерістері байқалуда. Одақтағы өнім айналымының жалпы ережелерінің арқасында тұтынушылар үшін сапалы және қауіпсіз тауарлардың саны артты, азаматтар ЕАЭО елдерінің кез келгенінен тең жағдайда ала алатын қызметтердің сапасы жақсарды.

Бүгінде еңбек етушілер Одақ ішінде еркін қозғалып, қосымша талаптар мен рұқсаттарсыз жұмыс істейді, олардың дипломдары өзара мойындалады. Олар қажетті медициналық көмекті ала алады, балаларды балабақшалар мен мектептерге бөледі. Бұл, ең алдымен, бизнесті және жалпы ЕАЭО елдерінің экономикаларын дамыту үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында мүмкін болды. ЕАЭО жаңа Кедендік кодексі қабылданды, соның арқасында кедендік операцияларды жасау мерзімі бірнеше есеге қысқарды. Сонымен қатар Одақ ішіндегі сауда кедергілерімен күрес институтталды, 2016 жылдан бастап 51 кедергі жойылды. Соңғы жылдары Одақ ішіндегі өзара тауар айналымы шамамен 32%-ға өсті.

Қазақстандық саясаттанушы Қ. Майгелдиновтың пікірінше, Одақтың одан әрі дамуына ЕАЭО-ға қатысушы елдердің ішкі қатынастары ерекше рөл атқарады.

«ЕАЭО-ны посткеңестік кеңістікте кеңейту терең интеграцияға қосымша серпін бере алады. Одақтың халықаралық имиджі елеулі түрде артты. ЕАЭО-мен ынтымақтастыққа бірнеше ондаған елдер мен бірлестіктер қызығушылық танытты» деді сарапшы.

Еркін сауда аймағын құру жөніндегі табысты вьетнамдық кейске тағы бірнешеуі қосылды. Қытаймен сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге және Иран, Сингапур және Сербиямен еркін сауда туралы келісімдерге қол қойылды. Израиль, Мысырмен диалог дәйекті түрде ілгерілеуде. Үндістанмен еркін сауда аймағы туралы келіссөздер жүргізілуде. Грекиямен, Корея Республикасымен, Индонезиямен, Камбоджа, Чили, Моңғолия, Перу, Иордания, Марокко, Куба және басқа да көптеген елдермен, сондай-ақ АСЕАН, МЕРКОСУР, Анд қоғамдастығын, Латынамерикалық экономикалық жүйесін, Африка одағын қоса алғанда, ірі интеграциялық бірлестіктермен өзара іс-қимыл туралы меморандумдар жасалды.

Айта кету керек, Еуропалық одақ ЕАЭО-ның негізгі сауда серіктестерінің бірі болып қала бермек. 2018 жылы ЕО-мен тауар айналымы 20,1%-ға, ал ЕО-ға экспорт 28,5%-ға өсті. Ынтымақтастықты күшейтудің үлкен әлеуеті бар. Сонымен, 2017 жылы Еуропалық комиссияның өкілі Венадағы ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесінің отырысында алғаш рет техникалық реттеу және өзара сауда секілді бағыттар бойынша ЕАЭО мен ЕО арасындағы өзара іс-қимылға дайындықты мойындады.

Келешекте – Одақтың күн тәртібін одан әрі жасампаз іске асыру. Ол бизнесті жүргізу үшін ыңғайлы, халықаралық іскерлік қауымдастық үшін тартымды заманауи бірлестік, жаһандық экономикалық күн тәртібін айқындайтын жетекші әлемдік экономикалық орталықтардың бірі болуы тиіс. Бұл мақсаттар шындыққа айналуы үшін ЕАЭО елдеріне келісілген саясаттарды іске асыруды жалғастырып, экономикаларды цифрландыруды жүзеге асырып, халықаралық ынтымақтастықты дамытып, әлемдік нарыққа танымал, бірлесіп шығарылған өнімдер мен жаңа технологияларды — еуразиялық брендтерді жасау және шығару қажет. Егер мүше мемлекеттер жаңа білім шығара алатын болса, онда серпіліс жасап, әлемдік нарықта өз орнын алады.

Қазіргі таңда ЕАЭО бірыңғай қызметтер нарығына 49 сектор кіреді, олар жиынтығында өндірілетін қызметтер көлемінің 55%-ға жуығын құрайды. Мысалы, бұл секторлардың қатарына құрылыс жұмыстары, қонақ үй және қоғамдық тамақтану қызметтері, консультациялық, компьютерлік қызметтер, сондай-ақ жылжымайтын мүлікпен байланысты қызметтер жатады.

ЕАЭО-да бірыңғай қызметтер нарығын қалыптастыру бизнестің дамуына, қосымша жұмыс орындарын құруға, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін, азаматтардың нақты ақшалай табыстарын арттыруға ықпал етеді, бұл әлеуметтік тұрақтылықты нығайтудың маңызды факторы болып табылады. Келешекте ЕАЭО-да бірыңғай қызметтер нарығын қалыптастыру кедейшілікті жою, лайықты жұмыс және экономикалық өсу, сондай-ақ теңсіздікті азайту секілді тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге алып келеді.

ЕАЭО елдерінің тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуіне мемлекеттердің тығыз өзара іс-қимылы, әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін бірлесіп шешу және экономикалық интеграция ықпал етеді. Қызметтердің бірыңғай нарығы кеңейтіліп келеді, ырықтандыру жоспарлары іске асырылуда, олардың мақсаты – елдердегі қызметтерді реттеудің мазмұндық баламалылығын анықтау және қажет болған жағдайда осы сектор бойынша нарыққа қолжетімділікті үйлестіру.

Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық жерлерді дамытуды қамтамасыз ету үшін әрбір мүше мемлекеттің және жалпы ЕАЭО халқының мүддесінде, сондай-ақ ЕАЭО шеңберіндегі экономикалық интеграцияны қамтамасыз ету үшін келісілген агроөнеркәсіп саясат жүргізілуде. Келісілген агроөнеркәсіп саясатының негізгі мақсаты — бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өндірісінің көлемін оңтайландыру, ортақ аграрлық нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру, сондай-ақ экспортты ұлғайту үшін ЕАЭО мүше мемлекеттерінің ресурстық әлеуетін тиімді іске асыру.

Соңғы жылдары Одақ экономикалық көрсеткіштердің сенімді өсімін көрсетеді. ЕАК деректері бойынша, 2018 жылы ЕАЭО ЖІӨ 2017 жылмен салыстырғанда 2,5%-ға — $1 913 999,8 млн-ға дейін ұлғайды. 2018 жылы ЕАЭО мемлекеттерінің үшінші елдермен сыртқы тауар саудасының жиынтық көлемі $753,4 млрд құрады.