Қазақстан • 01 Ақпан, 2020

БҰҰ 75 жылдығын мерекелеуге дайындық мәселелері талқыланды

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - БҰҰ-ның 75 жылдық мерейтойын мерекелеуге дайындық жөніндегі арнайы кеңесші Фабрицио Хохшильдпен кездесу өткізді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

БҰҰ 75 жылдығын мерекелеуге дайындық мәселелері талқыланды

Кездесу барысында тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің кең ауқымы және БҰҰ-ның 75 жылдығын мерекелеуге дайындық бойынша пікір алмасты. БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясының негізгі тақырыптары цифрландыру мәселелері мен жастар болды.

М. Тілеуберді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттік жастар кадрлық резервін құру және Қазақстанда цифрландыру саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөніндегі бастамасымен таныстырды.

Кеше «Digital Almaty» халықаралық форумына қатысқан Ф. Хохшильд Қазақстанның БҰҰ қызметіндегі белсенді рөлін жоғары бағалады. Оның айтуынша, Қазақстанның БҰҰ отбасына енген 27 жыл ішінде тараптар Ұйым қызметінің барлық бағыттары бойынша өзара іс-қимылдың жоғары деңгейіне қол жеткізді.