Қазақстандық сарапшылар елдеріміз арасындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын одан әрі жетілдіру тұрғысынан израильдік әріптестермен келіссөздер жүргізді.
Кездесулердің қорытындысы бойынша Израиль Премьер-Министрі кеңсесі жанындағы Киберқауіпсіздік жөніндегі ұлттық директоратпен, Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметімен (Israel-CERT), сондай-ақ жеке компаниялар өкілдерімен ынтымақтастықты одан әрі кеңейту бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.