Парламент • 03 Ақпан, 2020

Мәжілістің бюро отырысы

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Мәжілістің бюро отырысы

Алдағы сәрсенбіде Мәжіліс депутаттары лотереялар және лотерея қызметі мәселелеріне қатысты заң жобасын бі­рінші оқылымда талқылайды деп күті­луде. Сондай-ақ екінші оқылымда қыл­мыс­тық жолмен алынған кірістерді заңдас­тыруға (жылыстатуға) және терро­ризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты заң жобасын назарға алады.

Осы күні бірқатар рати­фи­ка­циялық құжат халық қалау­лы­-
ларының назарына ұсыны­лады. Олардың қатарында 2006 жылғы 6 қарашадағы Армениямен Табыс пен мүлікке салынатын салықтарға қатысты қосарланған са­лық салуды болдырмау және  салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы үкіметаралық конвенция және оған Хаттама шеңберінде Қазақстан және Армения уәкілетті органдары бер­ген резиденттікті растайтын ресми құ­жат­тарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы, сонымен қатар Бразилиямен сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялауға қатысты заң жобалары бар.

Бюро отырысында Қазақ­станның Тұңғыш Президенті – Ел­басы Н.Ә.Назар­баевтың 2017 жылғы 31 қаң­тар­­дағы Жол­дауын және Мемле­кет бас­шысы Қ.К.Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыр­күйек­тегі Жолдауын іске асыру шеңберінде «Қалалық және ауыл­дық мектептердегі орта білім берудің сапасы. Проблемалар және оларды шешу жолдары» тақы­рыбында парламенттік тыңдау өткізу мәселесі де назардан тыс қалмады.