«Дүниежүзінде бүгін түске дейін вирус жұқтырғандар саны 17 459 адамға жетті. Одан 362 адам қайтыс болды және 483 адам толық жазылып шықты. Өлімге әкеп соққан 96 пайыз оқиға аурудың ошағы болған Хубэй провинциясында тіркелген», - деді Жандарбек Бекшин
Бас санитарлық дәрігердің мәліметіне сүйенсек, әлем бойынша ауруды жұқтырғандардың 98,9 пайызы – Қытай тұрғындары.
«Инфекцияның таралуы әлі де жалғасуда. Бірақ ең әуелі Хубэй провинциясындағы Ухан қаласында толық жазылғандар саны қайтыс болғандар санынан асып түсті. Бұл бізді қуантады. Сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық мәлімдемесіне сәйкес, Қытай үкіметі эпидемияны негізі аймақта ғана оқшаулауы керек», - деді ол.