Қазақстан • 04 Ақпан, 2020

Геологиялық барлау: 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламаның тұжырымдамасы бекітілді

480 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекеттік бағдарламаның тұжырымдамасын талқылауға Парламент Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ, Энергетика, индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ұлттық экономика, Қаржы, Әділет, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің, «ҚазМұнайГаз» АҚ және «Қазгеология» АҚ компанияларының өкілдері қатысты. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Геологиялық барлау: 2021-2025 жылдарға арналған  бағдарламаның тұжырымдамасы бекітілді

Премьер-Министрдің өкімімен мемлекеттік органдардың, қоғамдық кеңестердің өкілдерінен және Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарынан құрылған, қажет болған жағдайда ғылыми-зерттеу ұйымдарын, ғалымдар мен түрлі білім саласындағы мамандарды тарта отырып, Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу жөніндегі комиссия құрылады. 

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі биыл мамыр айында Мемлекеттік бағдарламаны бекіту үшін Үкіметке енгізуді жоспарлап отыр.

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі С.Жаркешов баяндама жасап, қазіргі таңдағы геологиялық саланың негізгі мақсаттары мен проблемаларын атап өтті.

Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты - Қазақстан Республикасының аумағында геологиялық барлауды ұлғайту арқылы минералдық-шикізат базасын тұрақты толықтыру, дамыту және бәсекеге қабілеттілігін қолдау үшін жағдайлар жасау.

Қазіргі уақытта геологиялық саланың негізгі проблемалары:

- жер қойнауын жетекші мемлекеттік геологиялық барлаудың төмен деңгейі;

- жер үсті оңай қолжетімді кен орындары қорының сарқылуы;

- бірқатар пайдалы қазбалар бойынша қорлардың орнын толтыру деңгейінің төмендігі;

- геология саласында жетекші ғылыми-зерттеу жұмыстарының болмауы;

- геологиялық инфрақұрылымның болмауы;

- қала құраушы кәсіпорындардың қорларымен қамтамасыз етілуініңкүрт төмендеуі;

- геологиялық барлаудағы автоматтандыру мен цифрландырудың әлсіз деңгейі;

- 25 жыл ішінде геологиялық мамандықтар тізімінің 1992 жылға дейінгімен салыстырғанда қысқартылуы;

- пайдалы қазбалар кен орындарын анықтау перспективаларын бағалау мақсатында терең қабаттарды зерттеуге арналған мемлекеттік қаржыландырудың аздығы.

Мемлекеттік бағдарламаның негізгі міндеттері:

1-міндет – Қазақстан аумағының геологиялық зерттелуін қамтамасыз ету

2-міндет – минералдық-шикізат базасын толықтыру (пайдалы қазбалар қорларының өсуі)

3-міндет – жер қойнауын геологиялық зерттеуді ғылыми-зерттеушілік қамтамасыз ету

4-міндет – геология саласын автоматтандыру және цифрландыру

5-міндет – геология саласының инфрақұрылымын дамыту

6-міндет – геология саласын кадрлық қамтамасыз ету

7-міндет – ел халқының әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын қамтамасыз ету

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру келесі көрсеткіштерге қол жеткізуді көздейді:

1. Қазақстан аумағының геологиялық зерттелуін қамту:

- аудандарды геологиялық қосымша зерттеу 94,5%-дан 100%-ға дейін

- тереңдік, геологиялық-минерагендік карталау 25,8%-дан 37%-ға дейін

2. ҚПҚ бойынша жаңа перспективалы нысандарды анықтау, 2025 ж. желтоқсан – 40-50 перспективалы алаңдар мен нысандар;

3. Шөгінді бассейндердің геологиялық-геофизикалық зерттелу дәрежесін арттыру:

- игерілген – 30%-дан 80-ғадейін

- аз зерттелген – 10-ға дейін

4. Болжамды ресурстардың өсімі: алтын – 200 тонна; мыс – 5 млн.тонна, полиметалдар – 5 млн.тонна, уран – 50 мың тонна, көмірсутектер – 700 млн.тонна.

5. Геологиялық барлауға жеке инвестициялардың артуы – 800 млрд.теңгеге дейін

6. Мемлекеттік бюджет есебінен ГБЖ орындауға тартылған персонал санын 1000-нан 1500 бірлікке дейін; 60 бірліккелісім-шарттар/лицензиялар шеңберінде 190 мыңнан 250 мың бірлікке дейін ұлғайту.