Nur Otan партиясы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Аталған құжатқа қол қоюдағы басты мақсат – елімізді әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуға, қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау жүйесін дамытуға бағытталған бірлескен іс-қимылдарды жүзеге асыру. Тараптар осы бағыттағы жүйелі өзара іс-қимыл мен сындарлы ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін екіжақты келісімге келді.
Жиында Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек екі ұйымның әлеумет қамын жеп, жұртшылық мүддесін көздеуде мақсаттарының тоғысатын тұстары көп екенін алға тартты.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр тұңғыш рет кәсіби мереке ретінде енгізілген Кәсіподақтар күнінде «Қазіргі кәсіподақтардың қозғалыстары еңбеккерлердің жұмыс орнындағы құқықтары мен еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, лайықты еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктер алуын қамтамасыз етеді», – деп атап өткен болатын. Осы ретте Nur Otan партиясы әрқашан қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлуде. 2019 жылдың қорытындысы бойынша партияға 217 мыңнан аса арыз-шағым түскен, оның 3 мыңнан астамы еңбек заңнамасы, жалақының уақтылы төленбеуі, заңсыз жұмыстан шығару мәселелеріне қатысты. Яғни, қызметкерлердің еңбек құқықтары бойынша мәселелер біздің ел үшін өте өзекті.
Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «партия қарапайым адамдардың, мұғалімдердің, дәрігерлердің, өнеркәсіптік кәсіпорын еңбеккерлерінің мүдделерін қорғауы қажет» деп атап өткен болатын. Осы бағытта заңның үстемдігін, жұмысшылардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастыру үшін Nur Otan партиясы еліміздің ең ірі кәсіподақтар ұйымы – Кәсіподақтар федерациясымен өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға келісті», деді партия Төрағасының бірінші орынбасары.
Бүгінде елімізде жұмыс істейтін адамдар саны 9 миллионнан асса, олардың 2 миллионы Қазақстан Кәсіподақтары федерациясының қатарында. Ал 600 мыңнан астамы Nur Otan партиясының мүшелері. Сондықтан жұмыс істейтін азаматтардың өзекті мәселелерін шешу, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау – партия мен кәсіподақтар қызметіндегі басым бағыттардың бірі.
Өз кезегінде Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов екіжақты меморандумға қол қоюға келісім берген партия басшылығына алғысын білдірді.
«Nur Otan – нақты істердің партиясы. Халықтың жанашыры, әлеуметтің жаршысы болып отырған ең ірі, беделді партиямен осындай құжатқа қол қоюға келіп отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, 2012 жылдың өзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еңбек адамына байланысты үлкен мәселелерді көтерген болатын. Сол сұрақтардың барлығы бүгін де күн тәртібінде тұр. Сондықтан еңбек адамының мәртебесін, беделін көтеруге тиістіміз. Партиямен көптеген сұрақтарымыз ортақ. Педагог мәртебесіне байланысты көптеген сұрақ талқыланды. Біз енгізген ұсыныстардың нақты 14-і қабылданды. Сол сұрақтардың ішінде қаншама шешімін тапқан мәселелер осы жерде Nur Otan партиясы аясында өткен отырыстан кейін жанданды деп айтсам артық емес», деді Ералы Тоғжанов.
Жұмыспен қамту бағыты бойынша партиялық куратор алаңында осы саладағы көптеген мәселені көтеріп, оларды шешуге ықпал ету көзделуде. Сонымен қатар партия жұмысшылардың еңбек құқықтары мен мүдделерін көздеу, ішкі еңбек нарығын қорғау бойынша партиялық және қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға бел буып отыр.
Келесі бір бағыт – партияның қоғамдық қабылдаулары мен кәсіподақтардың «Татуласу орталықтары» арқылы жұмыскерлердің нақты мәселелерін шешу. Алдағы жұмыстарға Jas Otan жастар қанатының және «Келешек» кәсіподақ жастар кеңесінің белсенділері де тартылатын болады.
Аталған жұмысқа Nur Otan партиясының Мәжілістегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы фракциялары жұмылдырылмақ. Қазіргі кезде кәсіподақ ұйымдарының облыстық деңгейдегі 10 өкілі, аудандық және қалалық деңгейдегі 16 өкілі Nur Otan партиясы атынан мәслихат депутаттары болып табылады. Алдағы сайлауда өңірлердегі мәслихаттардағы кәсіподақтардың өкілдігі ұлғайтылмақ.
Рухани мұралар дін өкілдеріне таныстырылды
Руханият • Бүгін, 08:34
Әдебиет • Бүгін, 08:33
Қоғам • Бүгін, 08:31
Қаржыны елге қайтару қалай жүргізіледі?
Қазақстан • Бүгін, 08:30
Білім • Бүгін, 08:28
Аймақтар • Бүгін, 08:27
Қоғам • Бүгін, 08:26
Шариғат талаптарына сәйкес алғашқы биржалық нота
Экономика • Бүгін, 08:25
Экономика • Бүгін, 08:24
Гендерлік бюджет құру – өзекті міндет
Экономика • Бүгін, 08:23
Қоғам • Бүгін, 08:21
Аймақтар • Бүгін, 08:19
Аймақтар • Бүгін, 08:17
Шекара шебіндегі өңірдің халқымен жүздесті
Қоғам • Бүгін, 08:16
Қазақстан • Бүгін, 08:15
Қайрат Сәтжанов: Ел намысын мықтылар ғана қорғайды
Спорт • Бүгін, 08:13
Еркін күрестің ерлері анықталды
Спорт • Бүгін, 08:10
«Алтын Томирис» сыйлығы тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 08:07
Ерлан Қошанов: Бизнеске де, Үкіметке де ашық әрі түсінікті салық жүйесі қажет
Үкімет • Бүгін, 08:05
Қаржы пирамидасын жарнамалау қылмыспен тең
Үкімет • Бүгін, 08:03
Ресей техникалық дефолтқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 08:00
Жастар экология тақырыбын қаузайды
Экология • Бүгін, 07:52
Семей қаласының гербі бекітілді
Аймақтар • Бүгін, 07:47
«Қайырымдылық» тақырыбындағы марка
Қазақстан • Бүгін, 07:45
Спорт • Бүгін, 07:42
Спорт • Бүгін, 07:40
Үлестік құрылыс проблемалары қалай шешіледі?
Экономика • Бүгін, 00:57
Үкімет • Бүгін, 00:49
БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды
Экономика • Бүгін, 00:34
Болашағымызға бейқам қарамайық
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік қойылым ЖИТС құрбандарына арналды
Аймақтар • Кеше
Қазақ сыныбы неге қағажу көре береді?
Білім • Кеше
Үш буынды модель: Тергеу сапасы мен жеделдігі артады
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Ағатай, жан қалтаңда құртың бар ма?»
Өнер • Кеше
Әдебиет • Кеше
Түрленген театрдың көрермені көбейді
Театр • Кеше
Иса ақынның сүйіншіге берген домбырасы
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
Ұқсас жаңалықтар