Әлем • 06 Ақпан, 2020

Ыстанбұлдағы ұшақ апатынан 3 адам қаза болып, 179 адам жараланды

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Pegasus Airlines әуе компаниясының ұшағы Ыстанбұл әуежайында апатқа ұшырап, нәтижесінде қаза тапқандар саны үш адамға жетіп, 170-тен астам жолаушы зардап шекті.

Ыстанбұлдағы ұшақ апатынан 3 адам қаза болып, 179 адам жараланды

«Ұшақ 30 метрлік биіктіктен қону кезінде құлап түскен», деді Ыстанбұл губернаторы Али Йерликай жергілікті телеканалдардың эфирінде.

5 ақпан күні кешкісін Измир-Ыстанбұл бағыты бойынша ұшып келген «Боинг» ұшағы қону кезінде апатқа ұшырап, екіге бөлініп кеткен.

Алдын ала болжамға сәйкес, апатқа қатты жел себеп болған. 

1

Айта кетейік, Ыстанбұлда ұшақ ұшып-қону жолағынан шығып кеткенін хабарлаған болатынбыз