Аймақтар • 06 Ақпан, 2020

Қарағандыда спорт басқармасы мен қауымдастық арасында меморандумға қол қойылды

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Жауынгерлік өнер қауымдастығының Қарағанды облысы бойынша филиалы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Қарағандыда спорт басқармасы мен қауымдастық арасында меморандумға қол қойылды

Осы шараға арналған жиын барысында қауымдастық бөлімшесінің басшысы Ерден Халилин бүгінге дейін атқарылған жұмыстар жайында есеп берді. Сондай-ақ ұйым жетекшісі кейбір шешімін таппаған мәселелерді талқыға шығарып, алдағы міндеттер мен жоспарлар жайын баяндады.

Еске салсақ, Жауынгерлік өнер қауымдастығы 2018 жылы құрылып, оның құрамына спорттың олимпиялық емес түрінен 22 федерация қабылданған болатын. Қазіргі таңда еліміздің барлық өңірлерінде қауымдастықтың филиалдары құрылған. Ал қауымдастықтың Қарағанды облысы бойынша филиалына 17 федерация мүше болып кірген.

Қарағанды облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Абылаев меморандум аясындағы ынтымақтастықтың түбі жемісті боларына сенім білдірді.

– Жеткіншектер мен жастардың спортпен көбірек айналысуы біздің басым бағыттағы міндеттеріміздің бірі. Спортшыларымыздың біздің өңірдің атын республикада, еліміздің атын халықаралық аренада шығаруы үшін қауымдастықтар мен федерацияларға қолдан келген көмектің бәрін жасап, қолдау көрсететін боламыз, - деді ол.

Жиын соңында облыс спортының басшысы Темірхан Абылаев Жауынгерлік өнер қауымдастығының Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Ерден Халилинге жемісті жұмысы үшін алғыс хат табыс етті.