Ұлт ағартушысының есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында орнатылатын ескерткіште туындыгерлерге қойылатын басты талап тұлғаның тарихи бейнесін ашу, мүсіндік-көркемдік шешім табу.
«Көркемдік бейнелілік тұлғаның шынайы бет бейнесімен ұқсастығын, жаңа құрылыс сұлбасының көлемі мен формасының, дененің жеке мүшелері, киім бөлшектерінің, заттарының үйлесімділігін қамтиды», дейді ұйымдастырушылар.
Конкурсқа қатысу үшін өтініштер 2020 жылдың 10 ақпаны мен 15 наурыз аралығында қабылданады. Қосымша ақпаратты Алматы қаласының Мәдениет басқармасынан алуға болады. Мекен жайы: Алматы қаласы, Республика алаңы, 4. Байланыс телефоны: 8(727)272-11-09, 272-58-83