Аймақтар • 06 Ақпан, 2020

Тараздағы «Тәтті кітаптар» фестивалі

666 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараз қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары аталған білім ошағында «Тәтті кітаптар» фестивалін ұйымдастырды.

Тараздағы «Тәтті кітаптар» фестивалі

Аталған фестиваль бүкіл әлемде атап өтілетін ерекше мереке. Фестивальді алғаш рет  2000 жылы Джудит А.Хоффберг пен Беатрис Корон ұйымдастырған. Олар француз гастрономы, «Физиология вкуса: остроумная медитация на еду» кітабының авторы Антельм Брилат-Савариннің туған күнін атап өту үшін аталған идеяны ойлап тапқан. Осындай ерекше фестивальді Тараз қаласының оқушылары жалғастырды.

«Тәтті кітаптар» фестивалі аясында Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары әлемге белгілі әдеби шығармалардың тәтті көшірмелерін дайындап, көпшілік назарына ұсынды. Аталған шығармашылық фестиваль «Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының оқуына ұсынылған 100 кітап» жобасы аясында өтті. Жиынға мектептің 50-ден астам оқушысы қатысып, балалар «Алиса в стране чудес», «451 градус по Фаренгейту», «Ромео и Джульетта» және «20000 лье под водой» кітаптарының желісі бойынша өз өнерлерін көрсетті.

Мектептің бас аспазшысы мен тіл-әдебиет пәнінің мұғалімдері қазылар алқасының құрамында болып, фестивальге ұсынылған жұмыстарды «Art-кітап», «Түпнұсқа-кітап», «Үздік актерлер», және «Delicious» номинациялары бойынша бағалады. Сондай-ақ, «Тәтті кітап» фестиваліне қатысушылар тәтті торт дайындаумен ғана шектелмей, әдемі таныстырылымдар жасады. Сонымен қатар оқушылар жоғарыдағы шығармалардың желісі бойынша кішігірім театрландырылған көріністер көрсетті.

 

Жамбыл облысы