Қазақстан • 06 Ақпан, 2020

Президент Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Ван провинциясындағы қар көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады

«Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтар мен жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ бауырлас түрік халқына қайғыра көңіл айтамын. Алла тағаладан табиғи апат кезінде қаза тапқандардың жандары жәннатта болуын, жараланғандардың тез арада сауығып кетуін тілеймін», – делінген жеделхатта.