Аймақтар • 07 Ақпан, 2020

Ізгілік үшін марапатталды

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әл-фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов ғылымға сіңірген айшықты еңбегі мен білім беру саласындағы халықаралық қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін Түркия Республикасының жоғары мемлекеттік наградасына ие болды. Түркия Парламентінің депутаты Метин Гюндогду Алматыда өткен әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойының ашылу салтанатында осы жаңалықты сүйіншілей жеткізді.

Ізгілік үшін марапатталды

Салтанатты шарада сөз алған түркиялық депутат академик Ғалым Мұтановтың ежелден бауырлас ел саналатын Қазақстан мен Түркияның ғылым және білім беру ісіндегі әріптестік әлеуетін көтеруде зор еңбек сіңіргенін, екі елдің достық қарым-қатынасының нығаюына дәнекер болғанын айтты.

«Академик Ғалым Мұтановты біз көрнекті ғалым ретінде білеміз. Оның же­тек­­­шілігімен ұлы әл-Фараби есімін иеленген Қаз­ақ ұлттық университеті түркі әлемінің үздік университеті болып танылды. Қазақ дала­сының және түркі әлемінің тумасы, адам­заттың ғұлама ойшылы әл-Фараби мұ­рал­арын және ізгі идеяларын сақтап, жаң­ғыртудағы ҚазҰУ-дың орнын ерекше атап өткім келеді», деді Метин Гюндогду.

Айтулы марапат ғалымға алдағы уақытта Ан­карадағы Түркия Парламентінде табыс етілмек.