Қоғам • 07 Ақпан, 2020

Алматыда 1 ақпаннан бастап су 4 пайызға арзандады

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда 1 ақпаннан бастап тұрғындарды сумен қамтамасыз ету тарифі 4 пайызға төмендеді. Бұл жайлы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығы алаңында Ұлттық экономика минстрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Болат Самбетов хабарлады.

Алматыда 1 ақпаннан бастап су 4 пайызға арзандады

Департамент басшысының айтуынша, бұған дейін қабылданған 5 жылдық жоспарда станцияларда өндірілетін электр энергиясы және оларды тасымалдауға кететін шығын көлемі өзгермеген жағдайда сумен жабдықтау және су бұруға арналған тариф 2024 жылға дейін өзгермейтіні көрсетілген.

«Алматы Су» МКК өткен жылы 2020–2024 жылдарға арналған тарифтің шекті деңгейін бекітуге өтініш жасады.

«Жүргізілген анализ қорытындысы бойынша, жүктеме бөлігін бюджеттік ұйымдарға және заңды тұлғаларға қайта бөлу жолымен департамент 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап сумен жабдықтау және су бұруға арналған тарифті 4%-ға арзандатты», — деп түсіндірді Ұлттық экономика минстрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Болат Самбетов.

Одан бөлек, Б. Самбетов Қазақстанның басқа өңірлерімен салыстырғанда Алматыда сумен жабдықтау және су бұру тарифтері ең төмен бағада екенін атап өтті.

«Алматы су тарифі бағасының төмендігі бойынша 6 орында, кәріз жүйесі бойынша – 3 орында тұр. Бұл ретте, инвестициялық бағдарламаға қатысты шығындарды қайта қарау және төмендету негізінде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап су және кәріз тарифтері 10 пайызға арзандатылған», – деді Болат Самбетов.

Соңғы жаңалықтар