Әлем • 07 Ақпан, 2020

Алғаш коронавирус туралы ескерткен дәрігер қайтыс болды

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустың өршуі туралы алдын ала ескерту жасаған қытайлық дәрігер қайтыс болды. Бұл туралы BBC хабарлады.

Алғаш коронавирус туралы ескерткен дәрігер қайтыс болды

Алғашында бұл дәрігер жалған ақпарат таратты деп айыпталған еді. Ол өткен жылдың 30 желтоқсанында әріптестеріне теңіз өнімдерін сататын базарда жеті бірдей оқиға тіркелгенін айтқан. Аурудың белгілері SARS коронавирусына ұқсас деп жеткізген. Кейін дәрігердің жазбасы желіге тарап кеткен. Осыдан соң қалалық денсаулық сақтау басқармасының шенеуніктері оны шақырып, ақпаратты жалған деп мойындатқан. Сөйтіп дәрігерге қауесет таратты деген айып тағылған.

Қаңтар айының соңында Ли Вэньлян Weibo желісінде өзінің вирус жұқтырғанын мәлімдейді. Осыдан соң билік өкілдері одан кешірім сұрайды. Алайда дәрігер індеттен айыққан жоқ. Бейсенбіде жергілікті БАҚ оның қайтыс болғанын хабарлады.

Қытайлық Pear Video сайтының хабарлауынша, Доктор Лидің әйелі маусым айында босануы керек.