Қоғам • 07 Ақпан, 2020

Алматыда биыл жылу тарифі 18 пайызға арзандады

205 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін қала әкімдігінің баспасөз орталығы алаңында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қалалық департаментінің басшысы Болат Самбетов, инвестициялық бағдарламалар мен жылу-энергетикалық сектор субъектілерінің тарифтік сметасының шығындарын қайта қарауға байланысты, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, халық үшін жылу жүйелеріне соңғы тариф 18%-ға төмендегенін хабарлады. Сонымен Әкімдік пен монополияға қарсы департаментінің бастамасымен Алматыда жылу тарифі көтерілмейді.

Алматыда биыл жылу тарифі 18 пайызға арзандады

Департаменттің ақпаратына сәйкес, 2017 жылы құзіретті органмен «Алматы жылу жүйелері» ЖШС қызметтеріне 2021 жылға дейін тарифтердің шекті деңгейлері бекітілген. 1 қаңтардан бастап халық үшін жылу тарифінің 3%-ға жоспарлы өсуі күтілген. Одан бөлек, тұтынушылардың ортақ жылу энергиясын есепке алу құралдарымен қамтылуы 94%-ға дейін артты. ЖЕАҚ орнатқандар, тарифті 36% төмен төлейтіндер санатына өтті. Осыған байланысты, жылумен қамту ұйымдары диференциалды тарифтер көлемін қайта қарауға өтініш бере алады.

«Алайда, Департамент пен әкімдіктің бастамасымен, барлық тұтынушыларға бөлінеді деп болжанған бар жүктеме бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдарға жіберілді. Бұл шешім жылу тарифін тежеуге мүмкіндік берді», – деп түсіндірді Болат Самбетов.

Сонымен қатар брифинг барысында Болат Самбетов журналистердің түбіртекте белгісіз бағалар болған жағдайда тұтынушылар не істеу керек деген сұрағына жауап бере отырып, Монополияға қарсы комитетке жүгінуге кеңес берді.

«Егер тұтынушыға төлемақы артығымен келсе, мұндай жағдайда міндетті түрде табиғи монополияларды реттеу комитетіне жүгіну керек. Мұнда, барлық шоттар тексерілетін болады. Егер жоспарсыз көтерілгені расталса, монополист айыппұл төлейді. Қаражат тұтынушыларға қайтарылатын болады. Бізде айыппұл мөлшері жоғары, сондықтан монополистер оны бұзбауға тырысады», – деді Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Болат Самбетов.