- Мынандай жүгенсіздікке берілмейік, тәртіп сақтайық. Халқымыз, жастарымыз аман болсын. Бәріміз соған атсалысайық. Халқымыз аман, тыныш болсын, - деді Қордай ауданының тұрғыны Әли Қалпақов.
Дүнген мәдени орталықтары қауымдастығының құрметті президент Лугмар Буларов та халықты арандатушылыққа ермеуге шақырды.
- Біз әуелден тек бейбіт елде тұрып келдік. 140 жыл бұрын қазақ халқы тарихи ерлік жасап, 400 мыңнан астам адамның өмірін сақтап қалды. Талай қиын-қыстау кезеңді, ашаршылық пен соғыс жылдарын бірге өткердік. Сондықтан екі жақтың жастарын сабыр болуға шақырамын. Арандатушылыққа ермеңіздер, - деді ол.