09 Тамыз, 2013

Жоғары стандарттар жолында

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяуда облыс орталығында «Павлодар мұнай-химия» АҚ басшылығы ROMINSERV атты Румыния

компаниясымен келісім жасасты.

Таяуда облыс орталығында «Павлодар мұнай-химия» АҚ басшылығы ROMINSERV атты Румыния

компаниясымен келісім жасасты.

Зауыттың модернизация­лық жобасына 1 млрд. доллардан астам қаржы жұмсалмақ. Жобаны жүзеге асыру 2 жылға белгіленіп отыр. Егер бұл жоба сәтімен жүзеге асатын болса, онда алдағы жылдары Еуро-4, Еуро-5 стандартты өнімдер өндіріледі деген сөз. Жаңғырту жолына түскен зауыттың алдында заманауи жанар-жағармай түрлерін өндіру, Еуро-5 стандартына көшу, мұнай өңдеу тереңдігін 90 пайызға дейін жеткізу, қоршаған ортаны сақтау сияқты міндеттер тұр. Осы күні облыс орталығына келген еліміздің Мұнай және газ вице-министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, жалпы, 2016 жылдан бастап мұнай-химия зауыты жоғары экологиялық стандартты өнімдер өндіретін болады. Ресей шикізатымен бірге Батыс Қазақстан кен орындарының жанар-жағармайын қайта өңдеуге де қол жетер күн алыс емес.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Павлодар облысы.