Президент • 09 Ақпан, 2020

Қордай: Мемлекет зардап шеккендерге қолдау көрсетеді

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-парақшасында Қордайдағы қантөгіске кінәлілер жазаланатынын және зардап шеккендерге мемлекет қолдау көрсететінін мәлімдеді. 

Қордай: Мемлекет зардап шеккендерге қолдау көрсетеді

«Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің салғырттығы салдарынан арандатушылар қантөгіс жасады. Олар жазаланады. Мемлекет зардап шеккендерге қолдау көрсетеді. Бейбітшілік пен келісім - біздің басты байлығымыз, оны бұзуға ешкімнің құқығы жоқ!» деп жазды Мемлекет басшысы.

Осыған дейін Мемлекет басшысы Қордайдағы жағдай тұрақты екенін және Бердібек Сапарбаев басқаратын комиссия жұмысын жалғастырып жатқанын айтқан еді. Сондай-ақ Президент дүнген баласының бейнежазбасына жауап берді.