
ENRC, Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы Қазақстанда алғашқылардың бірі болып тұрақты даму туралы есеп беруді дәстүрге айналдырды. Компания 2012 жылдың қорытындысы бойынша екінші есебін жариялады.

ENRC, Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы Қазақстанда алғашқылардың бірі болып тұрақты даму туралы есеп беруді дәстүрге айналдырды. Компания 2012 жылдың қорытындысы бойынша екінші есебін жариялады.
Есепте компанияның қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздігі, адамдарды басқару және жергілікті қауымдастықтармен қарым-қатынас жасау саласындағы елеулі жетістіктері көрініс тапқан.
Атап айтар болсақ, энергия үнемдеу мәселелеріндегі нақты жетістіктер талқыланған. Мысалы, 2012 жылы ENRC құрамындағы Қазақстан электролиз зауытында электр энергиясын пайдалануды төмендету жобасы жүзеге асырылған. Оның экономикалық әсері 263,5 млн. теңгені құрап отыр. Нәтижесінде кәсіпорын «Алтын Гефест» байқауында жеңімпаз атанды. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі кәсіпорынды экология саласында үздік деп таныды.
Павлодар машина жасау зауыты сияқты корпорацияның кәсіпорындарындағы электр энергиясын пайдалануды үнемдеу іс-шаралары жылына 4,76 тераджоульді (зауыт тұтынатын электр энергиясының 43%-ы) сақтауға мүмкіндік берді. Жәйрем КБК және «Казмарганец» КБ-да («Казхром» ТҰК» АҚ филиалдары) бұл көрсеткіш 83 тераджоульге жеткен (12%). ENRC ғылыми-зерттеу орталығы да электр энергиясын үнемдеуге атсалысады.
Корпорацияның кәсіпорындарында қазіргі және бұрыннан жиналған ферроқорытпа қождарын қайта өңдеу жалғасуда. Жер және су ресурстарына ерекше назар бөлінеді. Жерді рекультивациялау бойынша жауапкершіліктер толығымен орындалған, суды қайта пайдалану жүйесі қолданылады. 2012 жылы Дөң КБК («Казхром» ТҰК» АҚ филиалы) Ақтөбе облысында жаңа су қоймасын іске қосты. Бұл қойма өңірдегі ауыз су мен техникалық мақсаттағы сулардың көзіне айналады. Құрылыстың жобасы 20 млн. АҚШ долларын құрады.
Еңбекті қорғау саласын басқару денсаулық пен еңбек қауіпсіздігін сақтаудың халықаралық стандарттарына (OHSAS) сәйкес жүргізіледі. Корпорацияның кәсіпорындарында денсаулық сақтау саласына инвестициялар бағытталады. Былтыр халықаралық DuPont сарапшылық компаниясы ENRC-ді «2009-2011 жылдары еңбекті қорғау саласындағы үздік жетістіктер» сыйлығымен марапаттады.
2012 жылы Топ еңбекақы төлеу шарттарын қайта қарастыруды жүзеге асырды. ENRC-дің Қазақстандағы кәсіпорындарында негізгі жалақы орташа есеппен 20%-ға өсті. Қызметкерлер мен олардың отбасыларына арналған әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру жалғасуда.
KPMG компаниясымен бірге корпорация Қазақстанда ірі әлеуметтік зерттеу жүргізді. Оның нәтижелері әлеуметтік инвестиция стратегиясын жүзеге асыруда қолданылады. Былтырғы жылы ENRC-дің әлеуметтік салаға бағыттаған инвестициялары 121 млн. АҚШ долларын құрады. Павлодар облысындағы Ақсу қаласында Спорт сарайын салғаны үшін ENRC құрамындағы «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ «Жылдың әлеуметтік жобасы» номинациясында «Парыз» сыйлығына ие болды. «Білім беру саласындағы үлкен жетістіктері үшін» «Казхром» ТҰК, ЕЭК, ҚЭЗ және «Қазақстан алюминийі» кәсіпорындары (ENRC құрамында) «Меценат» алтын медалін иеленді.
Осылайша, компания анағұрлым тиімді, қауіпсіз және тұрақты өндіріске ұмтылып, күн сайынғы жұмыста тұрақты даму принциптерін ұстанады. Сөйтіп, Қазақстанның «жасыл» экономикаға ұмтылысына қолдау көрсетеді. Былтыр «Эксперт-100-Қазақстан» беделді ұйымы Топты «Тұрақты дамуға ұмтылысы үшін» белгісімен марапаттады.
– Біздің жетістіктеріміз заңнаманың талаптарына және халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Осылайша, мүдделі тараптардың үмітін ақтайды, – деп атап өтті ENRC PLС бас атқарушы директоры Феликс Вулис.
Сөз орайында айта кетер болсақ, ENRC пайдалы қазбаларды қазып алу және байыту саласында жетекші әртараптандырушы компаниялар тобы болып табылады, ол кен қазып алу, өңдеу, энергетика, көлік және маркетинг кәсіпорындарымен интеграцияланған.
Топтың өндірістік активтері негізінен Қазақстан Республикасында орналасқан және құрамына келесі кәсіпорындар кіреді: «Қазхром» ТҰК, Жәйрем КБК, Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ), «Қазақстан алюминийі», Қазақстан электролиз зауыты (ҚЭЗ), Еуразиялық энергетикалық корпорация (ЕЭК), Шұбаркөл Көмір және ENRC Logistics.
ENRC FTSE 100 тізіміне кіреді. ENRC-де қазіргі уақытта 75 000-нан астам адам жұмыс істейді, оның 69 000-ы Қазақстанда.
Мереке ТАҢАТАРОВ.