Бір күн бұрын, ресми түрде 37,1 мыңнан астам науқас және 811 адам қайтыс болғандығы туралы хабарланған болатын.
«9 ақпанда түн ортасында Мемлекеттік денсаулық сақтау комитетіне 31 провинциядан коронавирустың жаңа түріне 40171 адам шалдыққаны туралы хабар расталды, оның ішінде қазір 35 982 адам ауыр халде, 3281 адам ауруханадан шығарылды, 908 адам қайтыс болды», - делінген мемлекеттік комитеттің хабарламасында.
Сонымен қатар Гонконгта инфекцияның 36 жағдайы анықталды (олардың біреуі қайтыс болды), Макаода 10 адам табылды (олардың біреуі ауруханадан шығарылды), Тайваньда 18 адам жұқтырды (олардың біреуінің денсаулығы жақсарған).
Қазіргі уақытта науқастармен тығыз байланыста болған 187,5 мыңнан астам адам бақылауда.
Өткен тәулікте 3062 инфекция жағдайы анықталды, тәулігіне 632 адам ауруханалардан шығарылды, 97 адам қайтыс болды, ауыр халдегі науқастар саны күніне 296 адамға көбейді.