Аймақтар • 10 Ақпан, 2020

Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

731 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысы әкімінің өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, индустрияландыру және инвестициялар мәселелері бойынша орынбасары болып Әлішер Әбдіқадыров тағайындалды, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі.

Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Әлішер Әбдіқадыров М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің бакалавриатын тәмәмдаған. Экономика магистрі.

Еңбек жолын 2009 жылы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инвестиция комитетінің сарапшысы қызметінен бастады. 2013 жылы ол осы министрліктің стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

2014 жылғы ақпаннан бастап 2015 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің инвестиция комитеті төрағасының орынбасары болды.

Кейін 2016 жылдың шілдесіне дейін Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2016 жылдан 2019 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласының инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы болды.

Осы тағайындауға дейін «QazIndustry Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.