Ерлан Бейсембайұлы Құсайын 1976 жылы Қарқаралы ауданында дүниеге келген.
Екі жоғары білімі бар: 1999 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша және 2006 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін «Экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1999 жылы қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып бастады.
2008 жылдан 2014 жылға дейін Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінде түрлі лауазымдарда еңбек етті.
2014 жылы Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары болды.
2015 жылдан бастап 2018 жылға дейін облыс әкімі аппаратының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы лауазымын атқарды.
Осы тағайындауға дейін Қарағанды облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ директоры болып қызмет етті.