09 Тамыз, 2013

Жол қауіпсіздігін бақылайды

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жазғы демалыс кезінде облыс орта­лы­ғындағы негізгі көшелердің қиылыс­тарындағы апатты оқиғалардың алдын-алу, жол жүру ережелерін насихаттау ба­рысында Халықаралық бағдаршам күніне арналып мектеп оқушылары «Біз – жолдағы қауіпсіздік үшін!» атты шарасын өткізді. Шараны «Нұр Отан» ХДП-ның және «Жас Отан» жастар қанатының облыстық бөлімшелері мен ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасы ұйымдастырды. Көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге жол жүру ережелеріне арналған ақпараттық қағаздар таратты.

– Бүгінгі күнге дейін балаларға қа­тыс­ты 485 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Ен­ді біраз күндерден соң жаңа оқу жы­лы да басталады. Біздің бұл шараны өт­кі­зуі­міз­дің өзі жаңа оқу жылы алдын­дағы үлкен сабақ деп ойлаймыз. Мұн­дай шараларды өткізудегі мақсат жолдағы апаттық оқиғалардың алдын-алуға бағытталып отыр. Жол ережелерін өрескел бұзып, ауыр зардаптарға әкеліп соғып жатады. «Сақтансаң – сақтайды» деген. Балалар осыны түсінулері керек, дейді әкімшілік полиция басқармасы жол-патрульдік бөлімінің инспекторы Серік Жұманов.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ПАВЛОДАР.