Аймақтар • 10 Ақпан, 2020

Алматы: Қаңтар айында 11 мың адам eGovmobile қосымшасына тіркелді

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл, яғни 2020 жылдың қаңтарында 11 мың адам eGovmobile қосымшасына тіркелген. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы: Қаңтар айында 11 мың адам eGovmobile қосымшасына тіркелді

Бүгінде керекті деректі eGov mobile арқылы алу ХҚО ұзын сонар кезекте тұрғанмен салыстырғанда айтарлықтай ыңғайлы. Өйткені уақытты едәуір үнемдейді. 2020 жылдың қаңтарында қосымшаға 11 мың адам тіркелді.

«Бұл көрсеткіш әзірленген қосымшаның халық арасында ыңғайлығына байланысты танымалдылығының артып келе жатқандығын байқатады. Біз қызметтерді жаңа мобильдік қосымшаға көшіріп қана қоймай, түсінікті әрі қолайлы ету үшін қайта ойластырып жатырмыз. Енді қызметтер алу барысында сізге жеке деректеріңізді қайталап енгізіп отырудың қажеті жоқ, деректер автоматты түрде сақталып eGov-ғы жеке кабинеттен толтырылатын болады», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Данияр Қырықбаев.

Сонымен қатар eGov mobile қосымшасы ЭЦҚ 4 сандық PIN кодқа және сіздің құрылғыңызға орнатылған биометрияға (Face ID, Touch ID) тіркеп қоюға мүмкіндік береді. ЭЦҚ PIN код пен биометрияға бір рет тіркелген соң ЭЦҚ таңдауға және қызмет алған сайын қайталап авторизация жасауға алаңдамаса да болады. Ал, бета-нұсқасында eGov мобильді қосымшасы арқылы сіздің құжаттарыңыздың электрондық нұсқаларын ұсынатын «Цифрлы құжаттар» қосымшасы қол жетімді. Цифрлы құжаттармен Egov mobile арқылы мессенджерде бөлісуге болады. Аталмыш функционал мессенджер немесе электронды пошта арқылы өзіңіздің электрондық құжаттарыңызды басқаларға жіберуге мүмкіндік береді.

ЕGov mobile қосымшасын AppStore және Google Play-ден жүктеуге болады.