Семейге ағылшындық саяхатшы Уильям Джонсон келді.
Семейге ағылшындық саяхатшы Уильям Джонсон келді.
Ол Англиядан бастап, бүкіл әлемді аралап келеді екен. Бұл сапары жолында Қазақстан оған 30-ыншы ел болып тұр. 23 жасар жігіт –Оксфорд университетінің студенті. Университетте экономиканы оқып, бос уақытында велоспортпен айналысқан. Соның нәтижесінде ол велосаяхат жасауға құмар болыпты. Өткен жылдың наурызында ол жер жүзіне саяхат жасауды бастап, жарты жыл ішінде Франция, Германия, Еуропа, Орталық Азия елдерінде болған. Міне, енді Қазақстанды да аралап келе жатыр.
– Мен Қазақстанның Англиядан әлдеқайда үлкен екендігін көрдім, – дейді ол. – Жол ұзақ. Әр 200-300 шақырым сайын тоқтап отырдым. Жол бойында дәмханалар кезікті. Сапар барысында тамақты үнемдеу керек болды. Әйтпесе, жол ұзақтығынан келесі тамақ ішетін жерге жетпей де қалуым мүмкін еді. Оның үстіне жалғыз өзің жол бойында келе жатып, ішің пысады, ешкіммен тіл қатыспайсың.
Семейлік студенттер ағылшынның өзі келгеніне қуанып, сол тілде сөйлесіп қалды. Әңгіме-дүкен қызықты өтті. Енді Қазақстаннан кейін Уильям Ресейге сапар шекпек. Новосібір мен Иркутскіден кейін Моңғолияға бармақшы.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.
СЕМЕЙ.