Қазақстан • 10 Ақпан, 2020

Сенаторлар Әзербайжандағы парламенттік сайлауды бақылады

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылғы 9 ақпанда Түркітілдес елдері Парламенттік Ассамблеясының Халықаралық байқау миссиясы Әзербайжанда мерзімінен бұрын өткен парламенттік сайлауға қысқа мерзімді мониторинг жүргізді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Сенаторлар Әзербайжандағы парламенттік сайлауды бақылады

Миссия құрамына бақылаушылар ретінде Қазақстан, Қырғызстан, Түркия парламенттерінің мүшелері және ТүркПА Хатшылығының қызметкерлері кірді.

Қазақстан Парламенті делегациясының атынан Парламент Сенатының депутаты Динар Нөкетаева және Мәжіліс депутаты Берік Оспанов болды.

Миссия жұмысы аясында Әзербайжан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Рамиз Гасановпен және Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мезахир Панаховпен ресми кездесулер өтті.

Одан бұрын ТүркПА делегациясы Шамахи және Гобустан қалаларындағы жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен кездесіп, сайлауға дайындық барысымен танысты.