09 Тамыз, 2013

Еуропада топ жарды

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді жеткіншектер Түркияға шақырту алып, кезекті дайындыққа кірісіп кетті

Енді жеткіншектер Түркияға шақырту алып, кезекті дайындыққа кірісіп кетті

Газетіміздің 24 шілдедегі санында есту қабілеті өте нашар балалар мектеп-интернаты жанында «Sensitive» бал билері ансамблі жұмыс істейтінін, түрлі дәрежедегі байқауларда топ жарып жүргенін, Болгарияда өтетін «Солнечный танец» халықаралық байқауына қаржы таппай дағдарған сәтте аймақ басшысы Самат Ескендіровтің қолдауымен сапарға аттанып кеткенін жазған едік. Он екі мүшесі сау 200-ге жуық қатысушылар арасында өнер көрсеткен еліміздегі бірегей ұжымның тәрбиеленушілері 16-20 жастағы үміткерлер арасында «Бал биі» аталымы бойынша топ жарып, бас бәйгені иеленді. Онда «Вена вальсі», «Ча-ча-ча», «Пасадобль» билерін асқан шеберлікпен, өзіндік мәнермен орындап, мүмкіндіктерінің шектеулігіне қарамастан, қазылар алқасын да, өнерсүйер қауымды да қайран қалдырды.

Бал билері ансамблін «Славянский путь» ұлттық мәдениет, өнер және қолөнер жазғы мектебі ұйымдастырған додалы бәсекеге бастап барған хореграф Ольга Ростовщикова түрік елінде өтетін беделді халықаралық би байқауына шақырту алғанын қуана жеткізді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.