09 Тамыз, 2013

Садақа сауапты іске жұмсалды

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Он екі айдың сұлтаны – Рамазан айында әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж жандарға көмек қолын созу – әр мұсылманның сауапты ісі.

Он екі айдың сұлтаны – Рамазан айында әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж жандарға көмек қолын созу – әр мұсылманның сауапты ісі.

Төңкеріс ауылының имамы Бекболат Хасенұлы «Жетім көрсең, жебей жүр», деген ата-бабаларымыздың өсиетін алға тарта отырып, ауылымыздағы көп балалы, аз қамтылған, жетім-жесірлер мен мұқтаж жандарға бесін намазынан кейін қайырымдылық көмек ұйымдастырды. Мешітке жиналған жиырма-отыз балаға тәтті тағамдар мен жеміс-жидектер, сусындар беріліп, дастарқан жайылды. Халықтың берген пітір-нәпіл, зекет садақаларынан жиналған қаржы есебінен он төрт балаға киім-кешек әперілді. Ауыл ақсақалдары мен ақ жау­лық­ты әжелеріміз балаларға өздерінің тілектерін айтып, ақ баталарын берді.

Осыдан кейін имам жиналған жамағатқа – Рамазан айы, қасиетті Қадір түні, жат ағымдар жайлы, Ислам дінінің құндылықтары туралы тәрбиелік мәні зор уағыз-насихат айтты. Адамгершілік пен азаматтық іс-әрекетімен айналасына қадірлі болатын, кісілік және кішілік нұры тұла бойынан төгіліп тұратын адам ғана ертеңгі болашақ өмірде елдің, халықтың мақтанышы болатынын жеткізді.

Салтанат ҚАУМҰРАТОВА.

Ақмола облысы.