09 Тамыз, 2013

Қазақстандық студенттерге 20 жыл түрмеге отыру қаупі төніп тұр

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Казахстанские студенты-США

АҚШ-тың Бостон қаласындағы үлкен присяжнойлар алқасы қазақстандық студенттер Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаевқа тағылған осы қалада өткен марафон кезіндегі терактіні тексеру кезінде құқық қорғаушыларға кедергі келтірді деген айыптың дұрыстығын мақұлдады. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

AFP агенттігінің мәлімдеуінше, енді қазақстандықтарға 20 жыл түрмеде отыру қаупі төніп тұр. Студенттер биылғы мамыр айының басында қамауға алынған болатын. Олар өздерінің осы лаңкестікке қатысты айғақты заттардан құтылмақ болғандарын мойындапты. Атап айтқанда, федералды барлау бюросы студенттердің Джохар Царнаев марафонға фейерверктер мен ноутбук салып барған қапшықты терезеден лақтырып жібергенін айтады. Кейін арнайы қызмет қызметкерлері оны күл-қоқыс арасынан тауып алған.

Еске салып өтсек, Тамерлан және Джохар Царнаевтарға үстіміздегі жылғы 15 сәуір күні Бостондағы марафонның соңын ала орын алған жарылысты жасады деген айып тағылып отыр. Сол оқиға салдарынан 3 адам қаза тауып, 180 адам әртүрлі жарақат алды. Тамерлан полицейлермен атыс кезінде қаза тапты, ал Джохар артынша қолға түсті.

Сұлтан Бозайғыр.