09 Тамыз, 2013

«Қазкомбанктың» басқарушы директоры қызметінен кетті

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Казкоммерцбанк-1

«Қазкоммерцбанк» бҚ Басқармасының құрамында өзгерістер болды, деп хабарлады BNews.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқарушы директор Александр Барсуков өз еркімен жұмыстан босатылуына байланысты 5 тамыздан бастап банк басқармасының құрамынан шыққан. «Қазкоммерцбанк» АҚ Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі банктердің бірі болып табылады. Банктің 2013 жылғы 30 маусымдағы активтері 2 650,2 млрд. теңгені құрады.

Банктің зейнетақымен қамтамасыз ету, зейнетақы және қаржы активтерін басқару, сақтандыру және брокерлік қызмет көрсету салаларында еншілес компаниялары бар. Сонымен қатар Банктің Ресей Федерациясында, Тәжікстан Республикасы мен Қырғыз Республикасында еншілес банктері бар.

Мұрат Айтқожа.