09 Тамыз, 2013

Ақтауда 3 жасар бала тапаншамен өзін басынан атқан

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пистолет Оса-ребенок-1

Ақтауда үйінен травматикалық тапанша тауып алған 3 жасар бала оның шүріппесін басып қалып, өзінің басына тигізген. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүлдіршін облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, оның бас-сүйегіне зақым келген.

Келеңсіз оқиға болған кезде анасы мен бағушы әйел үйде жүрген, бүлдіршін «Оса» травматикалық қаруымен ойнап жүріп, абайсызда шүріппені басып қалған.

Баланың әкесі әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Сұлтан Бозайғыр.